[:kz]
Алматы облысының автокөлік иелері 2019 жыл бастала салып 42 «сәнді» нөмірге тапсырыс берген. Сол арқылы мемлекет пайдасына 13 678 324 теңге төлем жасаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік тізгіндеушілер 2018 жылы республика бойынша 15 мыңнан астам VIP-нөмір сатып алуға 4 млрд. теңге жұмсаған. Ал Алматы облысының тұрғындары былтыр сандық сериясы VIP-нөмірге жататын 550 автокөлік нөмірін сатып алып, мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 168 434 175 теңге пайда әкелді.
Өңірдегі тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, VIP-нөмірлерге деген сұраныс артып келеді. Әсіресе темір тұлпар иелерінің арасында 555, 777, 005 және 007 сандарынан құралған қымбат нөмірлеріне қызығушылық зор.
VIP нөмірлерді сату 2014 жылдың қазан айынан бастап қолданысқа енгізілді. «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының 66-бабына сәйкес автомашина иелеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің цифрлық және әріптік белгіленуін таңдауға құқық берілген.
Фото ғаламтордан алынды.
zhasalash.kz
[:]