АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]1-6 градус аяз: Бүгін еліміздің біршама өңірінде ауа айы құбылмалы болады[:]

[:kz]

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық, тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыста құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі және бұршақ жаууы ықтимал деп хабарлайды Қазгидромет.

 
1-6 градус аяз: Бүгін еліміздің біршама өңірінде ауа арйы құбылмалы болады

Көрнекі фото: russian.rt.com

 

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күтіледі.

Түркістан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей бөліктерінде жел 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола, Павлодар облыстарының біршама аймағында тұман түседі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында 3 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус аяз сақталады. Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

kaz.nur.kz
  

[:]