[:kz]
Ресей өкіметі азаматтарға депозитте сақталған долларларын алуға тыйым салды деп хабарлады turkystan.kz.
Соның кесірінен қарапайым халық банкоматтардан рубльмен сақталған ақшаларын алып, жинаған қорын қолда ұстауға әрекет етіп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл рубльге кері әсерін тигізіп, елдің жағдайын одан сайын қиындатып жіберуі мүмкін.
Қазірдің өзінде бүкіл ел дефолттың алдында тұр. Мәскеу қор биржасы да екі аптаға жуық уақыт жұмысын әдейі бастамай жатыр. Егер ол жерде сауда қызса, ұлттық валютаның бағамы бір долларға шаққанда 1000 рубльге барады деген қауіп бар.
[:]