[:kz]
Басқа өңірлерде не болып жатқаны бізге беймәлім, елордада ешкім санитарлық талаптарды сақтап жатқан жоқ, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.
Жаңа оқу жылы штаттық режимде, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып басталуы тиіс.
Қазақстанда 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау ұйымдастыруға рұқсат берілді. Алайда ата-аналар да, балалар да әлеуметтік арақашықтықты сақтап тұрған жоқ, медициналық масканы біреуі тақса, екіншісі тақпаған. Мектеп алды ығы-жығы.
Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі осындай бұқаралық шара ұйымдастыруға рұқсат бергенде шектеу шараларын неге қатаң ескермеген екен?
1 мектеп оқушысының соңынан үйіндегі 3-4 адам еріп келген – бұл ел ордасы Нұр-Сұлтандағы жағдай. Оқу басталмай жатып, карантинге жабылып қалмаса болар еді.
Сондай-ақ, барлық мектеп персоналы мен мұғалімдер коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндеттелді, басым бөлігі екпені алды.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында Қазақстанның 7 475 мектебінде 3,4 миллионнан астам бала оқиды, бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам адам барады.
[:]