АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»: судья Жолманова мәлімдеме жасады (видео)[:]

[:kz]

 

Ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген Медеу ауданының судьясы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бейнежазбаны ratel.kz сайты жүктеді.

Светлана Жолманова өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарды.

 

— Қазіргі уақытта мен әлі қамауға алынбадым. Пара алды деген күдікке де ілінбедім. Қызметтік кабинетімнен табылған 10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»,–деді ол.

Судья мәлімдеме барысында ескі пәтерін сатқанын жеткізді. Осылайша тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келген.

«Осындай ақшаны жұмыстағы сейфтен басқа қайда сақтау керек?»,– деп сауал тастады судья.

Сондай-ақ ол бұған дейін әлеуметтік желіде жеке кабинетінен 4,5 мың, үйінен 2 миллион 800 мың және көлігінен 600 мың доллар табылды деген ақпаратты да жоққа шығарды.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]