[:kz]
Алда әрбір шаһарды түрлі түске бояп, ажарын аша түсетін, таңғажайып Жаңа жыл мерекесі келеді. Мерекелік безендіруге көл-көсір ақша жұмсау да, үнемдеу де өз еркіңізде. Осы ретте KAZ.NUR.KZ порталы «Время» басылымына сілтеме жасап еліміздің қалалары жаңа жылды қарсы алу үшін қанша қаражат жұмсайтынын анықтап көрді.
Нұр-Сұлтан
Қазақстанның астанасы әзірге жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат кететінін нақтыланбаған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеген болатын. Қала басшысының айтуынша, қазір елордаға 50 ескі шырша орнатылған. Биыл әлі жаңасын сатып алмапты.
Петропавл
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Жаңа жылға арналған безендіргіш заттарды мүлдем алмауды жоспарлап отыр. Қазір қалалық және облыстық әкімдіктер жанында мұз қалашықтар салынып біткен. Қаланың безендіруімен екі кәсіпорын айналысуда. Әкімдіктің айтуынша, олар мұны өз қаражаты есебінен жасап жатыр. Болжам бойынша 11 млн теңге жұмсалмақ.
Ақтөбе
Бұл өңірде мерекені безендіру үшін жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлу қарастырылған. Егер басқа қалалармен салыстырсақ, онда бұл ең үлкен сома. Биліктегілер бұл қаржыға бірнеше шырша орнатпақшы.
Орал
БҚО орталығында 7 шырша орнатылады. Ақпараттарға сүйенсек, олардың сатып алынғанына көп болған. Бұл өңір мерекелік безендіруге 6 млн теңге жұмсамақ.
Ақтау
Ақтау өңірі мереке қарсаңында 26 млн теңге жұмсайды. Бұл ақшаға екі шырша мен жарық тізбектерін, жаңа жылдың басқа да символдарды орнатады.
Атырау
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, олар биыл жаңа шыршаға ақша жұмсамайды. Дегенмен бюджеттен 18 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.
Семей
Семей билігі биыл жаңа жылға 2,7 млн теңге жұмсайды. Оның 1,7 млн теңгесі жасанды шырша алу мақсатында бөлінген.
Қызылорда
Қызылорда өңірі биыл 4,6 млн теңгеге шаһарды безендірмек. Бұл сомаға бірнеше мүсіндер мен жарық шамдар, ойыншықтар кіреді.
Қарағанды
Қарағанды қаласы 28 желтоқсан күні жаңа жылға толық дайын болады. Шамамен 39 млн теңге қаржы жұмсалады. Қаланы безендіру барысында ескі декорациялар да, жаңадан алынғандары да қолданылмақ.
Бұл ақпаратты көшіріп, пайдалану «Издательство Время» ЖШС рұқсатымен ғана мүмкін болады.
Еске сала кетсек, күні кеше Алматыда қаланың басты шыршасы жағылған еді. Мерекелік іс-шараға Бақытжан Сағынтаев қатысып, дәстүр бойынша шыршаны өзі жақты.
Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар күннің тұтылуын көре алады. Бұл табиғи құбылыс 26 желтоқсан күні, сағат 10:11-де болмақ.
[:]