АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]100 теңге үшін «Алтын Ордада» болған жанжал: Жұдырықтасқандар татуласты[:]

[:kz]

Алматы маңындағы «Алтын Орда» базарында төбелес шығарған ер адамдар бір-бірінен және халықтан кешірім сұрап, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

30 наурызда сағат 9-да «Алтын Орда» базарының тұрақ алаңында жүргізуші мен тұрақ қызметкері арасында оқиға болды. Факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында екі айыпталушыға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы «бұзақылық» бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

 

«Сонымен қатар, Қарасай аудандық полиция басқармасында тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жанжалға қатысушылар өз қателіктерін мойындап, бір-бірінен, халықтан кешірім сұрап, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды. Олар сонымен бірге өз отандастарына талқылауды тоқтатуды сұрады, өйткені жанжал тек жеке сипатта болды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылды», — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

[:]