АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«12 қайын апа!»: Атырауда 12 қыздан кейін дүниеге келген Амангелді есімді жігіт үйленді[:]

[:kz]

 

«Жастар Амангелді-Айгерім, бақытты болыңдар!» деп жазған той жүргізуші.

Инстаграм желісіндегі asaba_eset_atyrau деген парақшаға көпті бей-жай қалдыра қоймайтын жаңалық салынды. Асабаның айтуынша, Атырау өңірінде 12 қыздан кейінгі жалғыз ұл үйленіп жатыр екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аллаға шүкір, бүгін де бір ұланасыр той басталғалы тұр. 12 қыздан кейінгі 1 ұлдың тойын бастаймын ба деп тұрмын. Жастар Амангелді-Айгерім, бақытты болыңдар!» деп жазған той жүргізушісі.

Ал оның өзі қызыл пиджагына жарастыра қызыл галстугын тағып алып, тойға бірыңғай қып-қызыл болып киініп келген 12 қайын апамен бірге суретке де түскен екен.

Желі қолданушылар жазба астына «Сәттілік тілеймін. Алла жар болсын!» дегендей тілекті де, «Бір үйдің қыздары ма?» дегендей сұрақты да, «12 қайын апа!» дегендей таңданысты да қалдырып жатыр.

 
 
 
 
 

[:]