АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]12 жастағы қыздың суға батып кетуіне жол бермей, өлімнен арашалап қалған ер адамның есімі белгілі болды[:]

[:kz]

Елордада  кішкентай қыздың суға батып кетуіне жол бермей, өлімнен арашалап қалған ер адамның есімі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Нұр-Сұлтанда 12 жастағы қыздың суға батып кетуіне жол бермей, өлімнен арашалап қалған ер адамның есімі белгілі болды.

«Есіл өзенінде батып бара жатқан қызды құтқарамын деп Әуе қорғаныс күштеріндегі 47 762 әскери бөлімінің кіші сержанты Ерлан Раимқұлов қайтыс болды. Оның артынан әйелі мен екі ұлы қалды. Ол нағыз әскер, қорғаушы, ер адам ретінде іс істеді. Иманды болсын. Қазақ жері осындай батырлардың есімін жадында сақтасын «, — деп жазды Ержан Бағдатов Facebook желісіндегі парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 10 мамырда, жұма күні, сағат 12.10-да, «Газмаштаппара» бағбандық қоғамының аумағында орын алды. Раимқұлов 12 жастағы қыздың суға батып бара жатқанын көріп, оны құтқаруға бірден бел буды. 

Stan.kz

[:]