[:kz]
Келген азаматтардың карантиндік режимді сақтауын құқық қорғау органдары бақылайтын болады.
Бүгін Талдықорған əуежайы бортында БАƏ-нен елге оралатын 128 қазақстандық азамат бар ұшақты қабылдайды. Шарджа – Талдықорған бағытындағы авиақатынасты еліміздің авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады. Облыс орталығының əуежайы күшейтілген қауіпсіздік шараларын қолға алып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Əуе қатынасының қызметкерлері обаға қарсы костюмдермен қамтамасыз етіледі. Жолаушылардың барлығы бортта бірден санитарлық дəрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтеді, олардың дене қызулары тепловизорлармен өлшенеді.
Келген жолаушылармен неғұрлым аз байланыс жасауды қамтамасыз ететін алгоритм дайындалды. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес əуежай қызметкерлерінің, санитарлық дəрігерлердің жəне осы операцияға тартылған басқа да азаматтардың əрекеттерінің əр қадамы хатталып, ерекше бақыланатын болады. Отанына оралған қазақстандықтар автобустарға отырғызылып, карантинге жатқызылатын орынға жеткізіледі. Олардың бəрі коронавирус инфекциясына анализ тапсырады. Жолаушылардың барлық жүгі мен жеке заттары дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Келген азаматтардың карантиндік режимді сақтауын құқық қорғау органдары бақылайтын болады.
Бұлар сол жақта тұрып, жұмыс істеген немесе түрлі жағдайларға байланысты сол жақта қалып қойған біздің азаматтарымыз. Бұл рейстің қонуы мен оны қабылдау Республикалық штабпен келісілген жəне оны орындау, келген жолаушылар мен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің азаматтық парызымыз.
Карантин уақыты біткеннен кейін жолаушылар тұрғылықты жерлеріне жөнелтіледі.
[:]