АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]13 сәуірден кейін қатаң карантиннің аяқталуына байланысты Алматы қаласының бас дәрігері түсініктеме берді[:]

[:kz]

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова 13 сәуірден кейін күшейтілген карантин режимін жою туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн — брифингте журналистер Молдағасимовадан соңғы күндері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайғанын ескере отырып, 13 сәуірден кейін қалада қатаң карантиндік шаралар қажет пе деп сұрады.

 

«Меніңше, әзірге бұл шарттарды ешкім жойған жоқ, сондықтан мен оларды сақтауға шақырамын. Бұл аурудың азаюының басты себебі — оқшаулау. Біздің қаламыздың қауіпсіздігі осы шектеу шараларын қаншалықты дұрыс ұстайтынымызға байланысты», — деді Молдағасимова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 764-ке дейін өсті, олардың 121-і Алматы қаласында болды.

[:]