АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]13 жасар жоғалған қыздың денесі Көкшетау маңындағы орманнан табылды[:]

[:kz]

 

Полиция сегіз күн бойы іздеген 13 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты», — делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда қыздың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 25 тамызда іс қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» санатына ауыстырылды. Полиция 13 жасар қызды жоғалып кеткен күні көрген болуы мүмкін 200-ден астам куәгерлерден жауап алды. Іздеуге еріктілер қосылды.

 

[:]