АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»13 жастағы ұлымды 8 бала зорлады»: Түркістан облысында оқушының анасы кінәлілер жазаланбады деп ашынды[:]

[:kz]

Екі жыл бойы баласының зорланғанын дәлелдей алмай жүрген ана арнамыздан көмек сұрады. Түркістан облысының тұрғыны 13-тегі ұлының мек

Екі жыл бойы баласының зорланғанын дәлелдей алмай жүрген ана арнамыздан көмек сұрады. Түркістан облысының тұрғыны 13-тегі ұлының мек  епте зәбір көргенін айтып арызданыпты. Жергілікті полицейлер мен құзырлы орган қызметкерлері істі жабуға амал жасаған дейді. Ал мектеп ұжымы «зорлады» деп отырған балаларға шаң жуытар емес.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазығұрттағы қарапайым мектепті екі жыл бұрын тергеушілер тінтіп, кейін тынышталған. Сол кезде 13-тегі ұлын жоғары сыныпта оқитын 8 бала зорланғанын айтып ана шағымданған еді. Араға уақыт салып, көп балалы ана сол оқиғаға қатысты тергеу аяқсыз қалды деп, Алматыдан әділдік іздеп келген.

«Мектепке келіп, шағымданғанымда ондағы директор, ұстаз, психологтер ана балаларды қорғаштап қара терге түсті. Олар оқу озаттары, мектептің белсенділері, мүмкін емес деп өзіме қарсы шықты. Полицияға арыздандым. Онда менің ұлым зорлаған балаларды көрсетіп тұрса да, өтірік айтып тұр дегенге келтіріп, арызымды қайтаруға үгіттеумен болды», — деді жәбірленушінің анасы.

Іске бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин араласқан. Жергілікті полицейлерден қайыр жоқ деп отыр. Тергеуші біреу, дәйекзаттар жұмбақ жағдайда жоғалуда дейді. Сол жақта зорландым деген бала жала жапты деп топшыласа, тәуелсіз сарапшылар жеткіншектің жалған айтып тұрмағанын дәлелдеген.

«Біздің басқа шығар жолымыз қалмады. Қайтадан жоғары билікке жүгінуге тура келіп тұр. Бір ғана баланың құқығын қорғау жергілікті полицейлер мен прокурорлардың қолынан келмесе, амалсыз жүйенің бассыздығына қарсы тұру керек. Әділдікке сенім осындайда жоғалады емес пе», — деді бала құқығы жөніндегі уакіл Аружан Саин.

Істің мән-жайын білмек болып, сол мектепке тарттық. Директоры «зорланды» делінген баланы да, «зорлады» деген оқушыларды да жамандыққа қимай отыр. Күдікті деген 8 баланың кейбірі қазірде мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнында оқып жатыр екен. Ананың арызданғанын растады. Бірақ іс жабылды, анасы әділдік іздеп емес, отбасылық жағдаймен Алматыға кеткендіктен, тынышталдық дейді.

«Отбасылық жағдай, әкесі ауырып жатқаны, онда қарайтын адамдардың мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан ана әкесіне қарау үшін жаздыгүні маусым айының басында Алматыға кеткенін маған айтқан. Өз әңгімесінде, жеке әңгімеде», — деді мектеп директоры Бұқарбай Әлімбаев. 

Директор зорлау дерегі дәлелденсе, кінәлі жазалануы керек,дейді. Ешкімді жөн-жосықсыз ақтауға жоқпын деп азар да безер. Түркістандық полиция департаментінің мәліметінше, екі жыл бұрын тоқтаған іс бас прокуратураға арыз жазылған соң қайта тергеле бастапты. 

[:]