[:kz]
Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа жаңа баспанаға ие болды. Қуанышы қойнына сыймаған өнер иесі көпшіліктен сүйінші сұрап, зәулім үйін барша желі қолданушыларына көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әбдіжаппар Әлқожа үйлі болғанын Instagram парақшасында хабарлаған. Эстрада жұлдызы жаңа баспанасында алғашқы қонақтарды шақырған сәттен видео жариялап, оны ел назарына ұсынған. «Сүйінші ағайын! Алматыға келгеніме 13-жыл болыпты. Осы жылдар арасында еткен кішкене ғана еңбек,маңдай терімізге Алла нығметін төгіп үйлі болуды нәсіп еткен екен. Әлхамдулиллях. Бүгін сол үйімізге кіріп. Ата-аналарымызды, аға жеңгелерімізді шақырып,құран оқытып, батасын алып, әулет, бауыр, дос жаранның қуанышын жүзінен көрдік. Біз үшін қуана білетін аға-жеңге ата-анамыз аман болсын. Өз үйімде тұрғаныма бір күн болды! 13-жыл квартирада тұрғанымды ұмытып кеттімғой. Алла қуанышымызды сіздерге жұғысты етсін тілекші қауым. Айтар болсам жазарым көп! Ең бастысы еліміз! Сіздер аман болыңыздар. Әке анама алғыз мәпелеп,тәрбиелеп жетілдірген» , — деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бейнежазбадан Әбдіжаппардың үйіне қонаққа келген жақындарының шашу шашып, жас отбасыға өз тілектерін айтып жатқанын көруге болады. Бұл жүрекжарды тілектерге желі қолданушылары да қосылды. Олар әртіс үшін аса қатты қуанып, оған деген жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызын бұл жетістігі үшін мақтады.
Автор: Малика Хадид
[:]