[:kz]
2020 жылдың 2 ақпанында ҚР азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізге Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсына сілтеп.
«Ұшу барысында біздің азаматтарымызды барлық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген қазақстандық дәрігерлер жүрді. Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін елге оралған азаматтар қаладан 7 шақырым жерде орналасқан елорданың көпсалалы ауруханасы жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды.
Клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған, тиісті медициналық қызметкерлері бар. Медициналық мекемеде эвакуацияланған азаматтар қосымша тексеруден, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтеді.
Карантин кезеңі кезінде елге келген адамдармен тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар медициналық персонал ғана байланыста болады. Елге жеткізілген азаматтардың туған-туыстары мен жақындары хабардар етілді және олар карантиндік кезеңнің регламентімен таныстырылды», — делінген ведомствода.
Сондай — ақ, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілген. Қырғызстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Армения Республикасы биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары Ухань қаласынан эвакуацияланғанын жеткізді.
ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы барлық қажетті ақпаратты ұсыну үшін тәулік бойы 1406 сенім телефоны жұмыс істейтінін ескертті.
Сонымен қатар, азаматтарды жалған ақпаратты таратпауға, ақпараттарды ресми дерек көздерінен алып, сенуге шақырды.
[:]