[:kz]
АҚШ-та 14 жасар жасөспірім магистр дәрежесін алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
14 жасында магистр дәрежесін алған Келтон Костис 9 жасында АҚШ-тың Небраска қаласындағы Белвью университетіне оқуға түскен. 12 жасында ол веб-технологиялар мамандығы бойынша бакалаврды бітіріп, диплом алды. Ал, жақында ақпараттық менеджмент бойынша магистрлік диссертация қорғады.
Вундеркинд осы жасында жеткен жетістіктерін басқалар естіген кезде қатты таңғалатындарын айтты.
Қазір Костис оқудан аздап демалып жатыр. Бос уақытында ол спортпен шұғылданып, суда жүзугенді жақсы көреді. 14 жасында екі бірдей дәрежеге ие болған жасөспірім қазір жұмыс іздеп жүр.
«Мен киберқауіпсіздік немесе ақпараттық технологиямен айналысатын үкімет немесе компаниядан жұмыс іздеп жүрмін», — дейді Костис.
Сондай-ақ, қашықта отырып жұмыс істегісі келетінін айтты. Енді жасөспірім тағы бір магистр немесе доктор дәрежесін алу туралы ойланып жүр.
[:]