АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]14 жастағы қызды алып қашып, зорлаған жігіт: Қолдарыңнан келгенін істеңдер (ВИДЕО) [:]

[:kz]

Осы уақытқа дейін алып қашуға байланысты түрлі сорақы оқиғаларды естіп те, көріп те жүрміз. Алайда 14 жастағы қызды зорлықпен алып қашып, оны зорлау алып қашу салтының қасіретті көрінісі шығар. Ескірген сана мен салттың құрбанына айналған қыздың анасы шындық іздеп елден көмек сұрауда. Бейтаныс жігіт 10 мамыр күні денсаулығы нашар, 8-сыныпта оқитын қызды алып қашып, зорлаған. Жігіт қыздың қолын қайырып көлікке салып алған. Кейін электршокерді қолданып қызды қорқытыпты. Көмектесетін ешкім болмаған. Байғұс қызды «Егер біреуге хабарласатын болсаң әке-шешеңді, бауырларыңды өлтіремін, олардың құны мен үшін көк тиын»,- деп қорқытқан. Сол жердегі пәтерлердің бірінде қызды шешіндіріп, зорлаған. Қызының ар-намысын қорғаған ана өз бейнесін халыққа көрсете алмады. Ол оқиғаны былайша баяндап берді. «Қызым сағат азанда сағат 8:00-де сабаққа кеткен. Кешіккеннен кейін қызыма телефон соғып хабарын білгім келді. Бірақ тұтқаны бір бала алды. Содан біреу алғаннан кейін мен айғай-шу шығардым. Әлгі бала маған «қызыңыз біздің үйде, уайымдамаңыз айыпшы барады», — деп өшіріп қойды. Тұтқаны қоймас бұрын менің мектеп қабырғасындағы денсаулығы жоқ қызымды қалай алып кетіп отырсың деген сұрағыма «Айыпшылар барады, солар жауап береді»,- деп жауап берді. Кейін бір емес бірнеше рет хабарластым. Қызыммен тілдесе алмадым. Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлеріне барып арыз жаздық. Заң қызметкерлерін қосып алып қашқан жігітті іздеуге жіберді. Бәйдібектегі мектеп директоры, заң қызметкері және туыстарыммен қызымды алып кеткен баланың үйіне бардық. 2 машина болып шықтық. Полиция қызметкерлері телефон нөмірі арқылы жігіттің Састөбеден екені анықталды. Содан кейін Састөбеден әлгі баланы іздедік, адамдардан сұрастырдық. Сұрастыра келе бір бала бір туысқанының үйін көрсеткен. Қызымның қайда екенін білетін жас бала «шу шығармаңыздар, барлығын дұрыстап шешейік»,-деп айтты. Кейін бізге қоқан-лоқы көрсетті. Қасымызда полиция қызметкерлерң бар, оларға да біраз әңгіме айтты. Әлгі алып қашқан жігіт қоқан-лоқы көрсеткен жігіттің нағашысы екен. Әлгі жігіт «Не істей аласыңдар, істейтіндеріңді істеп алыңдар», -деп өзімізге тіл тигізді. Ешқандай нәтиже болмайтынын білген соң қызымыз үшін жалына бастадық. Жалынып жүріп Беловодқа бардық. Белеводтың орталығына қыз бен жігіт келді. Сосын олар «қыздарыңызды алып кете беріңіздер»,- деп айтты. Полиция қызметкерлері де «Жігіт біздің қолымызда, одан біз жауап аламыз, сіздер қыздарыңызды алып кете беріңіздер»,- деген соң қызымызды алып кеттік. Келесі күні прокуратураға бардық. Шындықты айтып жатқанда олар қызымды ғана алып қалып маған кет деп айтты. «Қыздың өзі жауап береді, сен кет», — деп айтты да, мені шығарып жіберді. «Ақыр аяғында ешқандай іс қозғай алмаймыз, қыздарыңыз аман-есен»,-деп бізді шығарып тастады». Алайда тергеу қыметкерлері қыздың бала кезінен сөйлеу қабілеті дамымағандықтан, көптеген сұрақтарға жауап бере алмайтынын ескермегені белгілі болды. Кейін қыздың отбасы ІІБ-на барып қайтадан арыз жазған. Алайда арыз қабылданды деген қағаз берілмеген. 11-мамыр күні қызды арнайы сараптамадан өткізген. Тексергеннен кейін қыздың анасы сараптаманың нәтижесін түрлі сылтауларға байланысты 1 апта бойы ала алмаған. Кейін сол жердегі қызметкерлер сараптама нәтижесін тек тергеу қызметкерлері ғана ала алатынын айтқан. Алайда нәтижесін сұрап жалынған анаға белгісіз әйел «Ішкі істер басқармасына барып іс қозғаңыздар»,-деп айтыпты. Қыздың оң қолында көгерген іздер бар екен. Байғұс қызының зорлық көргенін анасы сараптама нәтижесін естігеннен кейін ғана білген. ІІБ-на барған кезде олар тағы да сылтау айтып, күту керектігін айтқан. Қыздың отбасы тағы да біраз уақытты күтумен өткізді. Бірнеше уақыт өткеннен кейін ІІБ-ның қызметкерлері сараптаманың нәтижесін айтады. Олар «қыздарыңыз бұл оқиғадан бұрын жыныстық-қатынасқа түскен, қыздарыңыздан сұраңыздар»,- деп ата-ананы кінәлі етіп қойыпты. Алып қашудың құрбаны болған қыз бұрыннан жүрек ауруымен ауырады екен. Анасының айтуы бойынша, қыз үйден ешқайда шықпаған. Қазіргі кезде қыз арнайы аппаратпен жүр екен. Кінәсіз қыз кез-келген уақытта жүрегі қысылып, талып қалатын болғандықтан үнемі анасының көз алдында жүрген. Қазіргі кезде ешқандай іс қозғалмай жатыр. Алып қашқан жігіттен тіпті жауап та алынбаған. Біраз уақыт өткен соң «Қолдарынан келгенін істеп алыңдар. Көксегендерің ақша ма? Әлде әкеңнің астына машина алып берейін бе? Мені соттатып не бітірексіңдер?»,- деп қылмыскер жігіт қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсеткен екен. Шаян ІІБ-дағы аға тергеушінің есімі Батсақанов Асқар. Ол бар шындықты жасырып отыр. ІІБ-ның жалған жала жауып, бейкүнә қызды айыптағандықтан қылмыстық іс қозғалмай отыр. «Айналайын қазағым шындықта ашуға көмектесіңіздер. Алып қашқан жігіт жазасын алсын. Басқа ештеңе сұрамаймын сіздерден. Қызымды ақтап беріңіздер», деп ағыл-тегіл жылаған ана халықтан көмек сұрайды. Бұрынғы қазақ қызын қонақ деп төрге шығарғанда, қазіргі қазақ қызды қуыршақ секілді көріп, қалағандарын жасап жатыр. Ата-бабамыз шындықты қорықпай бетке айтса, қазіргі қоян жүрек, түлкі көзді адамдар шындықты ақшамен жасырғысы келеді. Осылай жалғаса берсек оңармыз, болашақта. Сырттай керемет болған еліміздің іші қара түтінге толып қалғанын сол түтінге тұншыққанан кейін байқайтын шығармыз. Қайран текті қазағым, қашан оянатын күнің туар екен?!

Қамшыгер:Әсел Болатқызы

http://qamshy.kz/Home/Show/21334

[:]