[:kz]
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Алтынкүл Арапова бір жылдан бері әділдік таппай жүр. Оның 14 жастағы ұлын интернатта бірге жататын ауылдастары зорлап келді деп күдікке алынған. Бірақ сот жәбірленушіні емес, айыпталушыларды ақтап шыққан, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған Skifnew.kz ақпарат порталы
«Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы № 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке қарасты интернатта болған. Мұнда көршілес ауылдардан келген оқушылар жатып оқиды. Баласы бастауышты бітіргелі ауылдастарынан ажырамай, интернатқа келген. Анасының айтуынша, осында оны өзінен жоғары класта оқитын ағайынды екі бала зорлап келген. Ұлының айтуымен қалай болғанын да баяндап берді. Былтыр қыркүйекте белгілі болған іс сотқа да жеткен. Бірақ судья зорлау расталмады деп ұйғарған. Алтынгүл апелляциялық шағымнан да әділет таппадым деп күйініп отыр», — дейді телеарна тілшісі.
«Мені тыңдаған да жоқ, сол барлығы бір ауыл боп, бір ауыз боп барлығы әкімият, мектеп, интернат барлығы Сарыағаш, Түркістан облысы барлығы осы істі жапты. Қазір ақшамен жабады, бәрі ақша деп ойлаймын», — дейді жәбірленушінің анасы Алтынгүл Арапова.
Жасөспірім адвокаты қолдарындағы дәлел де, оны растаған куәгерлер сөзі де ескерілмегенін айтты.
«Біздің пікіріміз бойынша, бұл жерде «астар» бар деп санаймын бұл істің. Себебі егер де зорлаған баланы соттайтын болса онда интернатты жабу керек. Ол интернатқа қаржы бөлініп жатыр, оған әкімшіліктердің де қатынасы бар деп санаймын. Менің ойымша, бұл жерде қаржы мәселесі жатыр ма деп ойлаймын. Жемқорлық мәселесі бар деп ойлаймын. Сол үшін сот әділ болмайды деп санаймыз. Неге десеңіз алқа билер қалай болады, алқа билер сол әкімшіліктен келеді көбі. Ал жәбірленген жасөспірім былтырдан бері сабаққа да барып жүрген жоқ. Қатарластары мазақ қылатын көрінеді. Анасы содан бері ұлының мінезі де, денсаулығы да күрт нашарлағанын айтады, — деді адвокат Айман Омарова.
«Бұлар оңбағандар менің баламды өмірін құртып отыр ғой. Бұрынғы қалпына ешқандай келтіре алмайды енді, енді моральный да төлемей отыр бұлар, заңсыз құтырып сен бәле жаудың деп бүткіл ауыл маған бәле жауып, ұрсып, көшіреміз дейді бұл ауылдан», — деді жәбірленушінің анасы.
Анасының айтуынша ұлы Алматыда оқығысы бар. Бірақ мектептің балаға берген мінездемесі тым нашар көрінеді. Ал Сарыағаш аудандық білім бөліміндегілер оған ешқандай кедергі жоқ деп отыр.
«Енді ол кісінің өзін біз таба алмай жатырмыз ғой, ол кісі тек телефон арқылы сөйлеседі ғой бізбен ол кісінің өзі. Алматыға егер расында мынандай құжаттар болса… біз орналастырамыз дейтін болса біз тиісті, өзімізге қатысты құжаттарды жасап беретін едік», — деді Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері Сабыр Молдаходжаев.
Бірақ әділдік таппадым деген ана мұнымен тоқтап қалмақ емес. Баласының құқы қорғалуы үшін Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа да шағым түсірген.
[:]