[:kz]
НТК телеарнасындағы «Қалаулым сен» бағдарламасына 18 жастағы үміткер келді. Бойжеткен ел алдында 15 жасында босанып алғанын, бір баланың анасы екенін жасырмай айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қызғалдақ есімді ару 18 жаста екенін, Алматы облысында туғанын жеткізді.
Бойжеткеннің сөзінше, ол анасынан 3 сыныпта айырылған.
Қазіргі уақытта үміткер балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді.
Ол 9 сыныпта тағдырдың тәлкегіне түскенін жасырмады.
Бойжеткеннің сөзінше, 14 жасында 32 жастағы ер азамат зорлаған.
Осы оқиға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Алайда, үміткер белгілі бір себептерге байланысты күдікті жазаланбағанын да жеткізді.
Қазіргі уақытта Қызғалдақ әкесі мен бауырларынан бөлек Алматы қаласында пәтер жалдап тұратынын, баласын өзі бағып-қағып жатқанын алға тартты.
[:]