АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»1993 жылдан бері небір тойларды көрген»: Киіт туралы видео желіде қызу талқыға түсті [:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде киіт кәдесі туралы қызықты видео тарады.

Бейнежазбада 1993 жылы тігілген костюм шалбардың «құдалар арасында» әлі күнге дейін жүргені айтылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

«Ассалаумағалейкум жамағат. Бүгін 2022 жыл 13 тамыз. Мынау Кеңес заманынан қалған костюм шалбар. 1993 жылдан бері небір тойларды көрген.

Бұл қай уақытқа дейін жүреді? Қойса болмай ма екен осындайды? Бұл костюм шалбар 2-3 рет қолымыздан өткен шығар. Біз берсек, олар басқасына береді. Сонда осылай жүре бере ме?», — дейді видео авторы.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазды.

«Өрттеп жібермесең, әлі отыз жыл жүреді», «Мұражайға апарып өткізіп жібер», «Негізі киіт деген нәрсені қою керек. Ешкімге пайдасы жоқ рәсім. Сенің бергеніңді олар кимейді, олардың бергенін сен кимейсің», — деп жазды желі қолданушылары. Айта кетейік, киіт – құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің бірі. Ел арасында «құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі – бейіт» деген мақал бар. Яғни киіт – құдалықтың негізгі белгілерінің бірі.

видеосын мына сілтемеден көресіздер  www.instagram.com/p/ChPHKu1gtuC/

kaz.nur.kz

 

[:]