[:kz]
1995 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституция қабылданды. Оған дейін Әділет министрі Н.Шәйкеновтің басшылығымен арнаулы жұмыс тобы құрылды. Оның жұмысын тікелей өз бақылауына Тұңғыш Президенті – Елбасы өз қолына алды. Сарапшылары әлемнің әртүрлі елдерінің конституциялық құрылымы, билік тармақтарының өзара қатынасы, саяси партиялардың жұмысы, адам құқығына, жекеменшікке берілетін кепілдік және т.б. мәселелер жөніндегі көптеген әдебиеттерді қарап шығуға тура келді.
Н. Ә. Назарбаев конституцияның жұмыс тобының алдына әлдекімнің конституциясын құр көшіре салмай, керісінше басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде біздің еліміздің талаптарына барынша жауап бере алатын Негізгі Заң жобасын дайындау міндетін жүктеді. Сондықтан Конституцияның барлық ережелерінен біздің ерекше қазақстандық қолтаңбамыз, біздің халқымыздың өресі мен дәстүрлеріне және болашақтағы перспективасына сәйкесетін өз болмысымыз байқалып тұрады.
1995 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын қарау және заң тұрғысында бағалау үшін ол арнайы құрылған консультативтік кеңеске жіберілді, ал 30 маусымда жалпыхалықтық талқылауға шығарылды.
Қазақстандықтар, өздеріне билікпен бір деңгейде елдің ең маңызды құжатын жасауға қатысу сеніп тапсырылғанын түсіне отырып, мәселеге айрықша жауапкершілікпен қарады. Бір айға созылған талқылау барысында олар 30 мыңға жуық ескертулер мен ұсыныстар енгізді. Солар ескеріліп, Конституция мәтініне 1100 түзету енгізілді.
1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум өткізілді. Референдумға ел азаматтарының 81,1 проценті қатысса оның 90 процентке жуығы жаңа Конституцияны мақұлдап дауыс берді. Осылайша мемлекеттік құрылыс сенімді саяси-құқықтық негізге ие болды. Конституцияға сәйкес, тәуелсіз Қазақстан демократияшыл, зайырлы, унитарлы, әлеуметтік-құқықтық мемлекет, президенттік республика деп жарияланды.
Президент ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын нақтылайтын ең жоғары лауазымды тұлға, халық пен биліктің бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі болып табылады. Жоғары заң
шығарушы орган – Сенаттан (жоғары палата) және Мәжілістен (төменгі палата) тұратын Парламент.
Әр облыстан және республикалық маңызы бар әр қаладан, сондай-ақ мемлекеттің астанасынан жоғарғы палатаға екі сенатор сайланады. 7 сенаторды Президент тағайындайды. Мәжілістің 67 депутаты бір мандатты аймақтық округтер бойынша сайланады.
Үкіметті Президент құрады, ол Президентке өз қызметі туралы жауап береді және Парламентке есеп береді. Үкіметті Парламенттің мақұлдауымен Президент тағайындайтын Премьер-Министр басқарады.
Республиканың Жоғары сот органы – жалпы юрисдикциядағы соттардың қызметін бақылайтын және сот практикасындағы кез келген мәселені түсіндіретін Жоғарғы сот. Жоғарғы сот мүшелерін Президенттің ұсынысы бойынша Сенат сайлайды, жергілікті судьяларды Президент тағайындайды.
Менің талабым бойынша жаңа Конституцияның соңғы мәтініне қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі жолындағы экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдегі барынша маңызды мәселелерді демократиялық тәсілдермен шешу сияқты Қазақстан Республикасының базалық принциптері қосылды.
Ең басты құндылық – Отанымыздағы тыныштықты сақтай алдық. Қазақстан Республикасында қантөгіс болған жоқ. Қазақстан өз қаржыға өзі ие болды, экономиканы өзі басқаруға қол жеткізді.
Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.
[:]