АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]2 жыл түрмеде отырғаннан кейін ақталып шыққан ақтөбелікке 28 миллион теңге өтемақы төленеді[:]

[:kz]

Ақтөбеде екі жылдан аса уақыт түрмеде отырған топ-менеджер бостандыққа шыққан. Моральдық зардап үшін соттан 90 миллион теңге өтемақы талап етті. Сот оның талаптарын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме беріп.

Басылымның мәліметінше, 2018 жылы компания филиалының басшысы қара металл сынықтарын жинағаны үшін 16 миллион теңге ұрлады деп айыпталып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырған.

 

Жоғарғы сот қылмыстық істі зерттеп, бірінші сатыдағы сот іске қалай да айыптау үкімімен жүргізбек болғанын, айыпталушының құқығы бұзылғанын анықтаған. Осылайша істі Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасына жаңа қарауға жіберген. Бұл жолы коллегия сотталушыны оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады.

Ақталып шыққан Ардақ К. сот арқылы мемлекеттен оған моральдық және материалдық залалды өтеуді талап етті. Ұзақ уақыт бойы ол басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, коммерциялық қызметпен айналысты, үш баланы тәрбиелеп өсірді, үлгілі отбасы болған. Алайда оның беделіне аталған қылмыстық іс кір келтірген. Ол өзінің моральдық жапасын 90 миллион теңгеге бағалап, мемлекеттен оған осы соманы өтеуді талап етті. Сондай-ақ, ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, адвокаттарға 3,5 миллион теңге жұмсады. Бұл соманы да ол өтеуді талап етті.


Сот оның талаптарын ішінара қанағаттандырды. Оның моральдық азабын ол 20 миллион теңгеге бағалады. Сот Қаржы министрлігін арызданушыға 28 миллион теңге төлеуге міндеттеді, бұл сомаға моральдық залал, заңдық шығындар және алмаған табыс үшін өтемақы кіреді.

 

[:]