АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»20 баласы бар»: Болат Назарбаевтың әйелі отбасылық өміріне қатысты ағынан жарылды[:]

[:kz]

 

Болат Назарбаевтың әйелі Динара Мамитекова Экспресс К басылымына сұхбат беріп, отбасылық өміріне қатысты ағынан жарылды, деп хаббарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Мамитекованың айтуынша, ол күйеуі Болатпен 2012 жылдан бері азаматтық некеде тұрған. «Мен оның қандай адам екенін білдім. Сондықтан, маған ауыр болған жоқ.

Керісінше, біз үнемі бір-бірімізді қолдайтынбыз. Мен оның жеке өмірін құрметтеймін. Әкесі мен балаларының арасында ешқашан тұрған емеспін. Ол табалдырықтан аттағанда біз біргеміз. Ал үйден шыққаннан кейінгі өмір — оның жеке өмірі. Менің тәтем (Гүлжан Назарбаева — Болат Назарбаевтың бірінші әйелі — ред.) осы ұстаныммен өмір сүрді. Менің де ұстанымым осы. Оның 20 баласы барын білеміз. Кейбіреулерін ол өзі ұмытып қалған. Бірақ мен әрқайсысының атын білемін. Екінші әйелінен Ербол атты ұлы бар. Ол бізбен араласып тұрады», — деді Болат Назарбаевтың әйелі. Еске сала кетейік, бүгін Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Кейін Болаттың әйелі Динара Мамитекова бұл ақпаратты теріске шығарды

kaz.nur.kz

 

[:]