АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]20 мың доллар ұтқан үндістандық жігіт елімізге қатысты сұраққа дұрыс жауап берген[:]

[:kz]

Ойыншы Қырғызстан, Қазақстан, Косово, Кения нұсқаларының ішінен біреуін таңдау керек болды.

Үндістандағы Kaun Banega Crorepati телевизиялық ойынының қатысушысы Нұрсұлтан Назарбаев пен елорда жайлы сұрақтарға жауап беріп, 20 мың дорллар ұтып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kaun Banega Crorepati әлемдегі ең танымал «Миллион кімге бұйырады?» телебағдарламасының үнді аналогы болып табылады. 

Жуырда желіде Қазақстан астанасы мен Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұрақты қамтыған бағдарламаның кезекті шығарылымы пайда болды.

Сұрақ былай қойылды: Қай мемлекетте 2019 жылы елорда есімі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен өзгертілді?

Ойыншы Қырғызстан, Қазақстан, Косово, Кения нұсқаларының ішінен біреуін таңдау керек болды.

Қызығы, бағдарлама қатысушысы сұраққа дұрыс жауап бере алып, 20 мың долларды қанжығасына байлады.

Қазақстан туралы сұрақты бағдарламаның 48-і минутында көруге болады.

 
 

[:]