АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»200 мыңға дейін ақша беріп, алданып қалдық»: Желіде ұтыс ойнатқан Кәмшат Жолдабеваның басы дауға қалды[:]

[:kz]

Ол өзін Хюррем, Афродита, Шахризадаға теңейді. Томиристе намысты қызбын деп әндетіп жүр. Өздеріңіз түсінгендей бүгінгі әңгіменің ауаны Кәмшат Жолдыбаева жайлы болмақ. 

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.

 

Таяуда Кәмшат Жолдыбаева Инстаграмда гив ойнатып еді. Ол үшін желі қолданушысы әнші көрсеткен 150 адамға тіркелуі тиіс еді. Одан бөлек қарапайым талаптары болды. Алайда шағымданған 150 спарталық топтың белсенділерінің айтуынша, әнші 1 млн теңгені қанжығасына байлап, лақтырып кеткен. Кәмшаттың алтын көріп жолдан тайды ма? Бұл туралы әншіні өзі айтты. 

«Қайырлы кеш, қымбатты оқырмандарым ! Жақында менің атымнан ойнатылған гивтен кейінгі кейбір демеушілердің наразылығына байланысты айтарым бар. Құрметті демеушілер, бұл гивті ұйымдастыру үшін Сіздерге қаржылай қолдау көрсетіп, қатысуға ұсыныс түсті, сол сияқты менің атымды және парақшамды қолдануға маған ұсыныс түсті.

Ұйымдастырушылар Сіздермен өзара келісті және менімен өзара келісті. Гив келісілген күні басталып, кейінгі өзгерістердің барлығы ұйымдастырушылардың, Сіздердің қалауларыңызбен енгізілген болатын. Ортадағы жауапты адамдардың немқұрайлы қадамдары мен жауапсыздықтарының арқасында туындаған наразылықтардың көбеюіне байланысты гивті тоқтатуға тура келді.

Мен үшін ең басты мәселе халықтың алдында берген уәдені орындап, ұтысты өткізу болды. Сондықтан мен осы гив үшін алған гонорарымды сол ұтысқа салып, жеңімпаздарға сыйладым, қалған бөлігін сол ұйымдастырушыларға толығымен қайтарып жібердім. Әрі қарай барлық сұрақтарды сол кісілермен шешулеріңізді сұраймын. Егер дәлелдемелер керек болса, менде барлық чаттың скриндары, чектер мен квитанциялар сақталған.
Маған айтылып, жазылып жатқан балағатты сөздерді тоқтатуларыңызды сұраймын, болмаса мен өз азаматтық құқығымды заңды түрде қорғауыма тура келеді!», — деп жазды ол парақшасында. 

«7 наурызда Назерке есімді ұйымдастырушы хабарласты. Онымен директорым сөйлесті. Олар сенімге кірген соң гив ойнатуды шештік. Менің жұмысым тек жарнама жасау,  осны парақшамда жариялау. Осы үшін 1 млн теңге алуым керек болған. Алайда оны өзім де алған жоқпын. Телефонға көптеген қоңыраулар келді. Ақшамды қайтарыңдар деп шуылдады. Сол кезде бір шикілік бар екенін білдім. Демеушілердің бірі 5 жеңімпаздың бірі ұйымдастырушының өзі екенін айтты», — деді Кәмшат. 

Айтуынша, 150 демеуші әрқайсысы 20-30 тіпті 200 мыңға дейін ақша жинаған. Демеушінің бірінің айтуынша, бұл сома 3 700 000 теңге шаасында болды. Ол үшін 150 демеушіге мыңдаған жазылушы жинауға уәде берілген. Алайда олай болмай шықты. 

«Мен 55 мың теңге бердім. Ол үшін 25 мың жазылушы жмаған жазылатын болған. Алайда ондай ешнәрсе болған жоқ. Мен тек ақшамнан айырылып қалдым. Бұл жерде Кәмшат ойнататын болған соң, соған сенген едім», — деді ол. 

Алайда Кәмшаттың өзі де алданғанын, сондықтан мәселені шешу үшін полицияға жүгінгенін айтты. Демеушілерге де арыз беруге кеңес берді. 

«Мен бұған дейін де бұндай ойындарға ұқыпты қарайтынмын. Енді маған да сабақ болды. Жауапкершілікпен қарау керек екен», — деді әнші. 

 

[:]