АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]2018 жылдан бастап ауыл әкімдерінің жеке бюджеті болады [:]

[:kz]

Елімізде 2018 жылдан бастап, ауыл әкімдерінің жеке бюджеті болады. Оған қоса салықтан түскен қаржының 50 пайызы жергілікті жердің қоржынында қалады. Бұл өңірлердің республикаға қол жайып қарап отырмай, өздігінен әрекет етуіне мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Шымкентте өткен Парламент Мәжілісі, Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Жиында облыстың экономикалық әлеуеті мен жергілікті қорға түсіп жатқан салық түсімі жайлы баяндама жасалды. Облыста индустрияландыру картасы шеңберінде 254 млрд теңгеге 166 жоба іске асқан. Оған қоса шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бұл бюджетке құйылатын қосымша қаржы көзі. Отырысқа қатысқан облыстық мәслихат депутаттары, комитет мүшелеріне білім саласына бөлінетін қаржыны, оқушы санына қарап бөлу жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Өйткені оңтүстікте өзге өңірлермен салыстырғанда мектепке баратын бала саны жыл өткен сайын артып келеді. Екінші көтерілген мәселе денсаулық саласы мен мемлекеттік сатып алуға қатысты болды. Шәріпбек Жамалбеков, облыстық мәслихат депутаты: — Электронды жүйе дейді де сөйтіп осы жерде болып жатқан тендерді Алматыда немесе Астанада ұтып алады. 3 миллион тұратын қаржыны 1 миллион теңгеге ұтып алады. Сөйтіп оны еш уақытта сапалы өткізбейді. Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихат депутаты: — Порталды күтем деп кейбіреулер ауруханаға жете алмай өліп жатыр. Халық ауылды жерлерден келе алмай ауруханаға жете алмай қиналып жатыр. Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің төрайымы: — Портал бойынша осы реформа басталған кезде бірқатар депутаттар қарсы болған. Біз өзіміз көріп отырмыз кейбір кезек күттірмей жасалатын операцияның кезек күтуі ойға сыймайтын жағдай. Оған қоса бұл сыбайластыққа апарады. Сондықтан біз Тамара Дүйсенованың алдына мәселе қойдық жаңа тәртіп жасауға. Кез келген аурухана мен денсаулық басқармасының қолында тізімі және квота болуы керек. Шұғыл операцияны қажет ететін науқасқа уақтылы жәрдем көрсету үшін. Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары сапар барысында Шымкент-кедендік рәсімдеу орталығының жұмысымен де танысты. Электрондық деклорациялау мен соңғы үлгідегі қондырғылар шекарадан өтушілердің уақытын үнемдеп қана қоймай, тауарларын 29 минуттың ішінде рәсімдеп алуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожинның айтуынша, бұл жүйе бірінші кезекте бизнесті әкімшілік кедергілерден қорғауға сеп болмақ. Көшпелі топ мүшелері, Шымкенттегі «Оңтүстік» деп аталынатын Индустриалды және Арнайы экономикалық аймақтардағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді. Депутаттар өздеріне айтылған түрлі ұсыныс-пікірлерді, заңнамаларды жетілдіру кезінде ескеретіндерін атап өтті. Көшпелі отырыс еліміздің басқа да облыстарында жалғасын табатын болады. 

Источник: 24.kz

[:]