АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]2019-2020 жылдың сәнді плащы[:]

[:kz]

«Сырласу» журналының стилист маманы Вероника Булгакова-Гудзь осы жолы сізге қандай кеңес бермек? Көктемгі құбылмалы ауа райы кезінде серуен шыққанда қолшатыр ұстағысы келмейтіндер жаңбырға қарсы киім кисе болады. Нарық мұндай киімдердің мөлдір, ашық, бір және түрлі түстегі нұсқасын ұсынады.

 

Заманауи технологияға сәйкес жаңбырға киетін киімдерді ауа жіберетін, сонымен қатар, су өткізбейтін маталардан тігіп шығарып жатыр. Сондықтан, мұндай киімдер барынша ыңғайлы.

Жаңбыр өткізбейтін кежетерді спорттық киімдермен үйлестіріп, күнделікті образ жасауға болады. Ал, арнайы жаңбырға қарсы киімдер тренч немесе пальтоның орнын алмастыра алады. Оның ұзын келген үлгілерін костьюм, түзу белдемше және жейделермен бірге киіп, ыңғайлы әрі сәнді бейне жасап шығасыз.

Кәжектер жаңбырдан жақсы қорғасын десеңіз, олардың матасының сапалы болуына аса мән беріңіз. Мата жылы әрі су өткізбейтін болуы тиіс. Біз ұсынған үлгілер арасынан өзіңізге лайықтысын таңдап, идея жинаңыз!

Сырласу

 

[:]