АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]2019 жылдан бастап Қазақстанда ұялы байланыс ақысы арзандайды[:]

[:kz]

Ұялы байланыс операторлары қызмет құнын 50 пайызға дейін түсіруді жоспарлап отыр.

Қазақстанда келесі жылдан бастап мобильді байланыс пен интернет бағасы төмендейді. Бұл туралы бүгін ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, байланыс операторлары халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы мен жалпы барлық абонент үшін әлеуметтік тариф енгізуді ұсынған.

«Қазақтелеком» 2019 жылдың 1 қаңтарынан жаңа тарифтік жоспар енгізбекші. Абоненттік төлемі – 3499 теңге, бұған дейінгі тарифпен салыстырғанда 5 процентке төмен. Оның ішіне 10 мегабит интернет, тегін телефон байланысы, Қазақстан бойынша және «Алтел» мен «Tele2″ нөмірлеріне лимитсіз қоңырау шалу кіреді», — деді Тұяқов тарифтерді төмендету мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде.

 
 

Сондай-ақ, оның айтуынша, KazTransCom компаниясы да абоненттерді қосу қызметінің құнын 50%-ке дейін төмендетіп, абоненттік төлемге 10% жеңілдік жасайды. Бұған қоса, интернет үшін абоненттік төлемді 15 процентке арзандатады.

Ал «Транстелеком» компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін қызмет құнын 5%-ке төмендетуді ұсынған.

«Компания, жалпы, аталған оператордың тарифтері өте төмен екенін атап өтті. Ауылды жерлерде байланыс құны 529 теңгеге жуықтаса, қала тұрғындары үшін 797 теңге», — дейді вице-министр.

Ал «Кар-Тел» компаниясы (Beeline) «Әлеуметтік» деп аталатын тарифтік жоспарлардың жаңа түрлерін ұсынған. Олар «Әлеуметтік», «Әлеуметтік плюс» және мұғалімдерге арналған тарифтік жоспар.

«Аталған тарифтік жоспарлар бойынша байланыс қызметінің құны 50 процентке дейін төмендемек. Егер бұған дейін ол 1300 теңге тұрса, қазір 590 теңгені құрайды», — деді ол.

Тұяқовтың айтуынша, Kcell де «Комфорт XS плюс» атты жаңа тарифтік жоспар енгізеді.

«Олар да ай сайынғы абоненттік төлемді ескере отырып, тарифті 50 процентке төмендетеді. Қазір құны 2590 теңге болса, енді ол 1390 теңгеге дейін түседі», — деді министрдің орынбасары.

Әзірге тек «Мобайл Телеком-Сервис» («Алтел» мен «Tele2») компаниясынан ғана байланыс қызметінің құнын төмендету туралы ұсыныс түспеген.

Sputnik Қазақстан 

 

 

 

 

[:]