[:kz]
2019 жылдың намаз және ораза кестелері
Имсак: Ораза тұтқанда ауыз бекітетін уақыт.
Бамдат: Таң намазының алғашқы уақыты.
Күн: Таң намазы уақытының соңы.
Бесін: Бесін намазының алғашқы уақыты. Бесін намазының уақыты екінді намазының уақытына дейін жалғасады.
Екінді: Екінді намазының басталу уақыты. (Имам ағзамның (Асры сани) үкімі бойынша берілген.) Екінді намазының уақыты шам уақытына дейін жалғасады.
Шам: Шам намазының алғашқы уақыты. Ораза тұтқанда осы шам уақытында ауыз ашылады. Шам намазының уақыты құптан намазына дейін жалғасады.
Құптан: Құптан намазының алғашқы уақыты. (Екі имамның (Иша әууәл) үкімі бойынша білдірілген уақыт) Құптан намазының уақыты имсак уақытына дейін жалғасады.
[:]