АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]2020 жылға қарай Алматы облысында газдандыру деңгейі 45 %-ке жетеді[:]

[:kz]

Биылғы жылы «Алматы — Талдықорған» магитсралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде Алматы облысының 11 ауданында газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингісінде белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Табиғи газды асыға күткен облыс тұрғындарының көпшілігі биылғы жылы көгілдір отынға қол жеткізді. Сөйтіп өңірді газдандыру 23% құрап отыр.  

— Табиғи газға өтудің артықшылығы өте көп: біріншіден, өңір тұрғындарының жылуға кететін шығыны азаяды, екіншіден, тұрғындардың өмір сүру қолайлылығы артады, ең бастысы басқа отын түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, — деді Амандық Баталов.  

Еске салсақ, 2020 жылға қарай Алматы облысының бес ауданы мен Қапшағай қаласы толығымен 100% газдандырылады, ал жалпы облыста газбен қамту деңгейі 45%-ке жетеді.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

[:]