[:kz]
2021 жылға арналған Қазақстанның ең ауқатты 50 бизнесменінің тізімі жарияланды. Forbes тізімінде көш бастағандар қатарында Владимир Ким, Болат Өтемұратов, Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап.
Ауқатты кәсіпкерлердің қатарында алғашқылардың бірі, әдеттегідей, Владимир Ким, Болат Өтемұратов пен Құлыбаевтар отбасы. Бұл тізімге Kaspi компаниясының иегерлері Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе кірді. Оған қоса, ауқатты адамдар қатарын, Freedom Finance негізін қалаушысы және басты акционер Тимур Турлов толықтырды.
Кәсіпкерлердің байлығы 24,1 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2 есе жоғары.
Тиісінше, биыл тізімге енген 50 бизнесменнің орташа байлығы өткен жылғы 502 миллион долларды құраса, биыл 676 миллион долларға дейін өсті.
Сержан Жұмашов, Нұрлан Бизақов және Анатолий Балушкин сынды кәсіпкерлер биыл тізімге енбей қалған. Тізімге жаңадан келгендер — Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Итемгенов және Сейсенбаевтар отбасы.
1. Владимир Ким
Владимир Кимнің дәулеті бір жыл ішінде 600 миллион долларға өсті. Алайда ол әлемдік рейтингте 494-орыннан 622-орынға түсіп, Forbes ғаламдық тізімінің үздік 500 тізіміне енбей қалды.
2. Вячеслав Ким
Былтыр Вячеслав Ким 639 миллион долларлық байлығымен Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша ең бай 50 бизнесмен рейтингінде сегізінші орынды иеленсе, 2021 жылы ол бірінші рет Forbes миллиардерлерінің әлемдік тізіміне 925-ші орынға тұрақтады.
Ким қазір 25% иелік ететін Kaspi.kz депозитарлық қолхаттарының құны 2020 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша 79,5 долларға дейін өсті.
3. Михаил Ломтадзе
Михаил Ломтадзе биыл бірінші рет Forbes миллиардерлерінің әлемдік тізіміне енгізіліп, 956-орынға орналастырылды. Kaspi.kz АҚ басқарма төрағасы акциялардың 23% иеленеді. Грузия азаматы 2004 жылы Baring Vostok Capital Partners инвестициялық компаниясының серіктесі болды. 2006 жылдың мамырынан — Kaspi Bank директорлар кеңесінің мүшесі, содан кейін оның басқарма төрағасы, ал 2018 жылы банктің ірі акционері атанды.
4. Болат Өтемұратов
Болат Өтемұратовтың байлығы бір жыл ішінде 700 миллион долларға өсті. Алайда қазақстандық кәсіпкерлер арасында ол төртінші орынға тұрақтаған. Бір жыл ішінде Өтемұратов 1,16% тиесілі болатын трансұлттық Glencore Plc Лондон қор биржасындағы (LSE) акциялардың құны екі есеге өскен. Компанияның нарықтық капитализациясы 40,4 миллиард долларға жетті. Өтемұратов «ForteBank» АҚ-ның 87,27% акциясына иелік етеді. Бұл Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәліметі бойынша активтер бойынша 25 қазақстандық банктер арасында төртінші орында тұр.
5. Тимур Құлыбаев
Әлемдік миллиардерлер тізімінде Тимур мен Динара Құлыбаевтар 743-ші орыннан 1111-ші орынға түсті. Құлыбаев Сингапурда орналасқан Steppe Capital Pte Ltd акцияларының бақылау пакетіне иелік етеді. Оның құрамына 100% голландиялық KazStroyService Infrastructure BV және Asset Minerals Holdings кіреді.
Өткен жылдың мамыр айында Түркияның TAV Airports және VPE Capital консорциумы Құлыбаев Venus Airport Investments BV компаниясы арқылы басқарған Алматы әуежайын және онымен байланысты кәсіпорындарды 415 миллион долларға сатып алу туралы келісімге қол қойды. 2021 жылдың сәуір айының соңында келісім аяқталды, бірақ оның бағасы 365 миллион долларға дейін төмендеді, қазір TAV әуежайларында 85%, VPE Capital басқаратын Қазақстан инфрақұрылым қорының мемлекеттік үлесі 15% құрайды.
2021 жылдың рейтінгі бойынша Қазақстандағы ең бай адамдардың алғашқы бестігі осылай аяқталды.
50 ауқатты адамның қатарына Динара Құлыбаева, Тимур Турлов, Ибрагимовтар отбасы, Кеңес Рақышев, Сәрсеновтер отбасы, Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев, Қайрат Боранбаев, Еркін Татишев, Бауыржан Исабаев, Нұрлан Әлиев, Марғұлан Сейсембай сынды бірқатар кәсіпкерлер кірді.
Толық тізімді Forbes рейтінгінен көре аласыз.
[:]