АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады[:]

[:kz]

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді, ал пластикалық пакеттер ақылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев еліміз пластикалық пакеттерден бас тартып, қоршаған орта үшін қауіпсіз балама қаптамаларға көшуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді.

Пластикалық пакеттерді қолдануды азайту қадамдары меморандумда көрініс табады. Құжатқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев, «Атамекен» АЭС басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева қол қойды.

 

Magzum Mirzagaliev@MirzagalievKZ
 

Подписали с НПП «Атамекен» и Ассоциацией экологических организаций меморандум по поэтапному ограничению реализации полиэтиленовых пакетов.Введение платности позволит сократить оборот пакетов на 30%. Полный отказ возможен в 2025г, ведётся работа в этом направлении.

Посмотреть изображение в ТвиттереПосмотреть изображение в ТвиттереПосмотреть изображение в Твиттере
«Төлемді енгізу пакет айналымын 30% төмендетеді. 2025 жылы толықтай бас тарту мүмкін, осы бағытта жұмыс жалғасуда», — деп түсіндірді Мирзагалиев.

Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын 5-6 миллион тонна коммуналдық қатты қалдықтар шығарылады, тек 10% ғана қайта өңдеуге жіберіледі.

 

[:]