АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]234 948.87 теңге: Мәжіліс депутаттарының өзі салық төлеуден жалтарып жүр[:]

[:kz]

Кіріс комитетіндегі деректер бойынша ең үлкен қарыз Владимир Божкоға тиесілі.

1 қазанда,мүлік  жер, көлік, салығын төлеу мерзімі аяқталған болатын. Белгілі болғандай парламент мәжілісі депутаттарының төрттен бірі салықты уақытылы төлемеген. Бұндай ақпаратпен журналист Жәмилә Маричева Facebook-парақшасында бөлісті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кіріс комитетіндегі деректер бойынша ең үлкен қарыз Владимир Божкоға тиесілі. Оның мемлекет алдындағы берешегі 234 948.87 теңге. Бұл тізімнен Дания Еспаева, Азат Перуашев және Бекболат Тілеуханды көруге болады. Еспаеваның қарызы 76 476 теңге болса, Перуашевтың мемлекетке берешегі 183 456.41 теңге. Ал Бекболат Тілеухан 175 663 теңгені уақытылы төлемеген.

Бұдан бөлек Бақтықожа Ізмұхамбет, Мұхтар Ерман, Айқын Коңыров, Нұртай Сабилиянов, Сауытбек Әбдірахманов және тағы басқа депутаттардың салық берешегі бары анықталды. Төмендегі тізімде Балиева да бар.

1.Абдиров Нұрлан — 133.00 тенге;
2.Абдрахманов Сауытбек — 43 781.00;
3.Әлтаев Нұржан — 3 556.83;
4.Аманжолова Зәуреш — 19 042.83;
5.Ахметбеков Жамбыл — 24 244.34;
6.Балиева Зағипа — 3 590.46 тенге;
7.Божко Владимир — 234 948.87 тенге;
8.Ерман Мұхтар — 115 207.68 тенге;
9.Еспаева Дания — 76 476 тенге;
10.Жабағиев Қожахан — 1 603.67 тенге;
11.Жамалов Аманжан — 13 326.73;
12.Звольский Сергей — 469.16 тенге;
13.Ізмұхамбетов Бақтықожа — 147 177.27 тенге;
14.Имашева Снежанна — 7 479.04 тенге;
15.Қайназаров Уәлихан — 294.65;
16.Қаныбеков Сәкен — 3 732.00;
17.Қоныров Айқын — 109 656.39;
18.Косарев Владислав — 869.40 тенге;
19.Мыңбай Дархан — 371.00;
20.Нұрманбетова Жамиля — 3.67 тенге;
21.Перуашев Азат — 183 456.41;
22.Сабильянов Нұртай — 43 768.30;
23.Смирнова Ирина — 1277.64;
24.Сыздықов Тұрғын — 1523.15 тенге;
25.Тілеухан Бекболат — 175 663.00;
26.Үмбетов Серік — 9 147.97.

Тізім 19.10.19 ж. жаңартылды.

Ақпарат көзі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық дерекқорынан алынған. 107 депутаттың 105-і тексерілді, қандай-да бір себептермен жүйеде Әбдіқалықова Гүлшара мен Нығматулин Нұрлан көрінбейді.

Бұл депутат Хахазовқа аз ғана мысал, ол БАҚ-тың принципін айқын көрсетеді: егер сіз салықты уақтылы төлесеңіз, бұқаралық ақпарат құралдары сіз туралы жазбайтын болады.

Менің алғашқы басшым «Бетің қисық болса, айнаңа өкпелеме» деген мәтелді жиі айтатын. Осы тізімге қарап, дәл айтылғандығына көзім жетіп отыр», — деп журналист депутаттардың былығын әшкереледі .

Сонымен қатар, Жәмилә Маричева салық берешегі бар депутаттарға дәлел ретінде арнайы құжаттардың суреттерін ұсынды. 

[:]