АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]25 минут жерде жатты: Алматыдағы мұғалімнің өлімінің куәгері мән-жайды айтып берді[:]

[:kz]

Алматыда ұстаздардың біліктілігін анықтау тестін тапсырып жатқанда педагогтың өліміне қатысты әріптестері айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Аяқ астынан жағдайы нашарлаған 49 жастағы ер адамға әріптестері алғашқы көмек көрсетуге ұмтылғанымен, жедел жәрдем жеткенше ол жан тапсырған.

Мұғалімдер сынақ ұйымдастырылған жерде медициналық көмек көрсететін маман тұрмақ, дәрі қобдишасының болмағанын айтады. Педагогтерді жетілдіруге арналған осындай тестілеу түбімізге жететін болды деп, аттестацияға  қатысты наразылық та білдірді. Жиналғандар қайғылы жағдай орын алардан  бірнеше сағат бұрын марқұммен бірге тест тапсыруға кірген.

Әр мектептен келген педагогтар бір-бірін танымайды. Сынақ кезінде өзін нашар сезіне бастаған ер адамға алғашқы көмек көрсетуге тырысыпты. Жедел жәрдемнің жылдам жете қоймағаны өз алдына, білім ошағында дер кезінде шара қолданатын маман мен дәрі-дәрмек табыла қоймапты. Халі нашарлаған педагог жерде жарты сағатқа жуық жатқан. Осылайша ұстаздар бар білгенімізді жасасақ та, ажалға араша түсе алмадық деп ашынады. 

“Көзілдірік таққан арықтау кісі қарама-қарсы келіп отырды. Қарасам, қобалжып отыр. Жан-жақтан көмектесіп, бір ағай жүрегіне, орыс қыз аузына ауа жіберіп жатыр. Мен қолын уқалап массаж жасадым. Алдын ала көмек беретін не мүсәтір де, не тонометр де жоқ. 25 минут жерде жатты. Неге бір медбике, дәрігер тағайындап қоймайды. Міне, қолымда жатып қайтыс болып кетті”, – дейді Эльмира Иманбаева.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындаған.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалімнің көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

14 сәуір күні қайтыс болған мұғалім гипертониялық сырқатына байланысты емханада есепте тұрған.

[:]