[:kz]
29 тамыз күні Атырау облысының кей аудандарында найзағай соғып, күндіз шаңды дауыл тұруы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Батыс Сібір мен Орал арқылы өтетін циклонға байланысты республиканың батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады.
Қазақстанның қалған аймақтарында найзағай соғып, күшті ұйытқымалы жел мен күннің сууы күтілуде.
Еліміздің астанасында дауылды ескерту жарияланды. 29 тамыз күні Нұр-Сұлтанда найзағай соғып, секундына 15-20 метр жел соғуы ықтимал.
Сонымен қатар, синоптиктер Жамбыл облысының тұрғындарына да дауылды ескерту жариялады. 29 тамызда бұл өңірде желдің екпіні секундына 23-28 метрді құрауы мүмкін.
29 тамыз күні Атырау облысының кей аудандарында найзағай соғып, күндіз шаңды дауыл тұруы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
[:]