АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]30 адам жарақат алған: «Теңіздегі» қазіргі жағдай белгілі болды[:]

[:kz]

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары «Теңіз» вахталық ауылындағы жұмысшылармен кездесті деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 
30 адам жарақат алған: "Теңіздегі" қазіргі жағдай белгілі болды

Фото: Куәгерлерден

 

Хабарламада «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» компаниясының қызметкерлермен кездесу барысында тұрмыстық өзара жанжалды ушықтармау туралы әңгіме болғаны айтылады.

Осы мәселелер бойынша жұмыс істеуге мемлекеттік органдардан бөлек құрамына компания өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия айналысатын болады.

Аталмыш комиссияның жұмысын облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарады.

Кездесу нәтижесінде жұмысшылар өз аумақтарына қайтып, жағдай тұрақталған.

Сонымен бірге, 30 адамға медициналық көмек көрсетілгені белгілі болды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қайтыс болғандар жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Теңіз» вахталық ауылында «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» компаниясының қызметкерлері бойжеткенді «ерсі» суретке түсірген азамат үшін шеруге шыққаны туралы хабарлаған едік.

[:]