АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]300 мақал-мәтелді жатқа айтатын ақтөбелік орыс атай көпшілікті сүйсінтті (видео) [:]

[:kz]

Фото: Видеодан кадрҰлты орыс болса да Шкапоров Николай Иванович үйіне келген қонақтарына батаның түр-түрін берген. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін ақсақал 300-ден астам мақал-мәтелді жатқа білетін болып шықты.

Шалқарда туып өскен қарт ұзақ жылдардан бері Кеңқияқта тұрып келеді.

«Өмірінде орыстармен істес болмаған. Оларды тек әскерге барғанда кездестірген екен. Жалпы, қазақтардың арасында салт-дәстүрін сіңіріп өскен», — дейді Ардақ Құбашева.

Николай Шкапоровтың туған қарындасы Валентина Ивановна да қазақ тілінде еркін сөйлейді. Бүгінде ол Ақтөбеде мұғалім болып қызмет етеді.

 

[:]