[:kz]
Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева 32 жасқа толды. Күні кеше туған күнін тойлаған өнер иесі өзінің жеке мерекесінде тағы да желіні шулатты. Бұған шоу-бизнес жұлдызының Instagram парақшасында жариялаған кезекті ашық образдағы суреттері себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Эстрада өкілі әлеуметтік желіге кеудесі ашық суреттерімен бөлісіп, көптің ашуын тудырған.
Кәмшат Жолдыбаеваның бұл қылығына наразы халық бірден оған кері пікірлерін жаудырған. Олар әншінің образын тым ашық әрі қазақ қызы үшін ерсі екенін жазған.
«Ұялсаңшы, қанша төзуге болады сіздің қылықтарыңызға?», «Кәмшаттың фотолары барған сайын одан бетер ашық-шашық болып бара жатыр» , «Қарындасым сізге не болды?» , «Бұрындары мұндай емес едің, не көрінді?» , «Қазақ қызына сай болсаңшы» , «Тым ашық деп ойламайсыз ба?» , «Кәмшат Жолдыбаева ханым суретіңіз мүлдем ұнамайды. Қазақ қызына тән қылық емес» , — деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева желіде түрлі образда жасаған фотоссеяларымен бөлісіп отырады.
Көпшілік әншінің ашық образдарына түрлі пікірін жаудырса да, өнер иесі бұған қатысты өз пікірін білдірген емес.
[:]