[:kz]
Бүгін дене қызуы көтеріліп тұрса да, екі қызды ұзатудан бас тартпайтынын айтқан арудың кім екені анықталды. Ол Жазира Алматова есімді Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Бойжеткен өзі ауырып тұрса да, тойға баруға ниеттенген болатын. Желідегілер оны өзгелердің денсаулығын ойламағаны үшін сөгіп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шымкенттік арудың қыз ұзатуларда қалыңдықты алып кіру және шығарып салу кезінде ән салып ақша табатаны белгілі болды.
Жеке парақшасында ол өзін көпшілікке продюсер, сценарист және «Шаңырақ» орталығының директоры ретінде таныстырған. Жазира Алматова өзінің салған фотосынан кейін туындаған дау салдарынан бірден Instagram парақшасын өшіріп тастаған.
Алайда көзі қырағы оқырмандар оны тауып, Айшүл Мүкей мен Қайрат Құдайбергеннің жазбаларының астында белгілеп кеткен. Бойжеткен өзінің суреті осындай жанжалға ұласатынын ойламаған болса керек. Ол өзіне жаудырылған жағымсыз пікірлер кесірінен парақшасын бұғаттап қоюға мәжбүр болған секілді.
Еске сала кетейік, Жазира Алматова желіде дене қызуы 39 градус болып ауырып отырса да, екі қалыңдықты ұзатуға баратынын айтып ел қаһарына ұшырады. Ол халықтың көптен күткен тойында болуды алдын ала келісілгеннен кейін адамдардың көңілін қалдырғысы келмегенін жеткізді.
[:]