АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«4 сағат ес-түссіз жатқан»: Алматы облысында енесі келінін сабаған (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Енесі 24 жастағы келінін осыған дейін де ұрып-соғып келген.

 

Алматы облысында енесі келінін есінен танғанша ұрып-соққан, — деп хабарлайды tengrinews.kz  AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, енесі 24 жастағы келінін осыған дейін де ұрып-соғып келген. Соңғы рет алған соққылардан қыз бірнеше сағат есінен танып жатқан екен. Салдарынан келіншек қоғам белсенділерінен көмек сұрап отыр. 

«Біздің «Не молчи» қорына кезекті өтініш келіп түсті. Енесі келінін сабаған. Келіні жас, 1996 жылғы. Қатты ұрып-соққан болуы керек, өйткені қыз төрт сағат бойы ес-түссіз жатты», — деді «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова.

[:]