[:kz]
Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев өз бетінше жұмыс істеп келген қазақстандықтарға неліктен 42 500 теңгені рәсімдеуде өтініштері қабылданбай жатқандығын айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Кеше және бүгін өтініштері қабылданбай жатқандар жаппай хабарлап жатыр. Шағымданушылардың көбі — бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) кейін төлеген, бейресми жұмыс істеп келген азаматтар. Олар алғашында өтініш білдірген, содан кейін БЖТ төлеген. Сол себепті оларға ақша төлеуден бас тарту туралы хабарлама келуден. Немесе кей кездері банктер дер кезінде аударылған төлемдер жайлы ақпаратты бермей отыр. Бір-екі күн көлемінде кешіктіріліп жатыр. Егер сіз расымен де табысыңыздан айырылсаңыз, онда 42 500 теңгеге еңбек министрлігінің сайтында қайтадан өтінім жолдай аласыз. Өтініштері қабылданбаған азаматтар дәл қазір қайтадан жәрдемақыға сұратылым жібере алады», — деп жазыпты шенеунік Telegram арнасында.
[:]