АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]42500 теңгені алғандарға екінші рет төлемақы төленеді[:]

[:kz]

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқушев журналист әрі блогер Роза Есенқұловаға 42 500 теңгені екінші айда алу туралы сұқбат берді. Шенеуніктің айтуынша, екінші айда төлемақыны алу үшін қайтадан өтінім жіберу қажет емес. 

«Бүгін таңертең мемлекет басшысы ТЖ режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын айтты. Бастапқыда 42 500 — төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға төленетін ай сайынғы төлем сомасы деп айтылды. Яғни, ТЖ ұзартылған жағдайда келесі айда адамдар екінші сома алады. Оған үміткер болу үшін жеке өтініш берудің қажеті жоқ. Қазір өтініш беріп, төлемақы алған адамдар да алады», — деді вице-министр.

 

 


Төтенше жағдай режимі тек екі аптаға (30 сәуірге дейін) ұзартылғандықтан төлемақы екіге бөлініп беріледі ме әлде азамат бір жарым айға бір жолғы транш алады ма деген сұраққа Мұқышев:

«Қазір бөлшектер талқылануда. Толық соманы, 42 500 теңгені, төлеуді жоспарлап отырмыз. Қандай жағдай болмасын бәрі белгіленген ереже шеңберінде қабылданады. Барлығы халыққа жеткізіледі», — деген Нариман Мұқушев алғашқы төлем 16 наурыздан 15 сәуірге дейін жүргізілетінін айтты.

Егер азамат 15 сәуірге дейін төлем алуға өтінім берсе, онда ол алғашқы төлемге үміткер болады.

[:]