АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]45 жасында зейнетке шығатын полицейлер енді 60 жасқа дейін жүреді [:]

[:kz]

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шынында да, қазіргі уақытта біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Сондықтан қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз. Осыған байланысты жұмыс тобын құрдық,- деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастан зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге – 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр екен.

Өзге елдердің тәжірибесін салыстырып отырмыз. Басқа елдерде бұл басқаша шешіледі. Мысалы, Ресейде — 60 жас, Жапонияда, Германияда — 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді, — деді министр.
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]