АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]500 млрд бөлінген: Тоқаев ауыз суға жұмсалуы тиіс ақшаның қайда кеткенін анықтауды талап етті[:]

[:kz]

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев жердің еңбек ететін азаматтардың иелігінде болуы керектігін айтты. Сондай-ақ, ол ауыз суға бөлінген 500 миллиард теңгенің қайда кеткенін тексеруде талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкіміне ауыз су, үш ауысымдағы мектептерді жою және апатты жолдарды жөндеу мәселесін шешуді тапсырды. 

«Алматы облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппаған. 20 жыл ішінде 500 миллиард теңге бөлінген. Бұл мәселемен есеп комитеті толығымен айналысуы тиіс. Облыста әлі күнге дейін апатты әрі үш ауысымдағы мектептер бар. Оларды қайтадан жөндеу үшін 2018 жылы 15,5 млрд теңге бөлінген. Облыс әлі де 20 мектепке мұқтаж. Осы мақсатта қосымша 2020-2021 жылдарға 29 млрд теңге бөлуді тапсырамын», деді президент. 

Сондай-ақ Тоқаев жетісу жұртшылығымен кездесуде көпбалалы аналар, баспана кезегінде тұрған 41 мың адам мен жәрдемақы берудің тағайындау тәртібіне тоқталды. Әсіресе, көмекке шын мұқтаж бен мемлекетке иек артатындардың ара-жігін ажырату қажет екенін айтты. 

КТК арнасы.

[:]