АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]7-қабаттан құлаған 4 жасар бүлдіршіннің жейдесі ілініп аман қалды[:]

[:kz]

 

Таиланда 4 жасар қыз шатырдан құлап кетті. Алайда жейдесі ілініп қалғандықтан жерге құламай аман қалды.

Қыз баланы жейдесі ғимарат шетіне ілініп қалды. Бұл сәт видеоға түсіп қалды.

Бүлдіршін мьямалық болуы мүмкін. Ол Канчанабури қаласында ауруханада жатқан әкесіне келген. Бір сәтте қараусыз қалып, 7 қабатты ғимараттың шатырына шығып кетеді. Ол кесірткелердің соңынан қуып, жоғарыдан құлап кетеді. Алайда жейдесі әлденеге ілініп қалып, құлап кетуден сақтады.

Аурухана қызметкерлері қыз баланы құтқарып қалды. Бірнеше адам шатырдан қолын созып, жоғарыға көтеріп алды. Қыз бала зардап шеккен жоқ.

Stan.kz

[:]