АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтарыНовости Казахстана

[:kz]8 әйелі бар ер адам бақытты өмірінің құпиясын ашты (фото) [:]

[:kz]

Сегіз әйелі бар таиландтық ер адам бақытты отбасылық өмірінің құпиясын ашып, жұбайларымен қалай танысқанын айтып берді, деп жазады Lenta.ru ға сілтеме жасған KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Суретші әрі тату шебері Онг Дам Сорот алғашқы әйелімен досының тойында танысқан. Ер адам көп ұзамай үйленуге ұсыныс жасап, қос ғашық шаңырақ көтерген. Кейінірек, Сорот базардан тартымды бойжеткенді кездестіріп, оны ұнатып қалған. Ер адам көп ойланбастан, жаңа танысқан аруды екінші әйелі етіп алуға бекінген.

Күйеуінің бұл ойына алғашқы жары да келісім берген. Дегенмен ол бойжеткенмен танысу үшін күйеуіне оны үйге әкелу туралы шарт қойған. Нәтижесінде олар тіл табысып, суретші тағы бір той жасаған.

Онг Дам Сорот пен оның сегіз әйелі. Фото: the-sun.com

Бірнеше уақыт өткен соң Сорот ауруханада тағы бір жанға ғашық болып, оған да үйленген. Ер адам тағы үш әйелімен Facebook, TikTok және Instagram желілері арқылы, жетінші әйелімен храмда танысқан екен.

Ал сегізінші сүйіктісін төрт әйелімен демалыста жүргенде кезіктірген. Сороттың алғашқы әйелінен бір баласы бар және екі жұбайының аяғы ауыр.

Онг Дам Сорот пен оның сегіз әйелі. Фото: the-sun.com

Әйелдер төрт бөлмеде, яғни бір бөлмеде екі адамнан тұрады. Олардың өзара бекіткен күйеуінің жатын бөлмесіне кіруге арналған кестесі де бар. Осы ретте, суретші әйелдерінің бірі өзінен кетуді қаласа, онда жіберетінін айтады. «Мен жұбайымнан «расымен де айырылысқың келе ме» деп үш мәрте сұраймын.

Егер үшеуінде де жауабы «иә» болса, мен оны жіберемін», — дейді Сорот. Ер адамның сөзінше, сегіз әйел алғанына қарап көпшілік оны өте бай деп есептейді. Алайда әйелдерінің бәрі өз бетінше жұмыс істеп, қолдан жасалған бұйымдар мен аксессуарларды сататын көрінеді. Онг Дам Сорот.

Фото: the-sun.com

Автор: Нұрила Ермекбай

kaz.nur.kz

 

[:]