АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]8 баланың анасын Қазақстаннан көшіріп жібергелі жатыр[:]

[:kz]

8 баланың анасы Анжела Потасьті Қазақстаннан көшіріп жібергелі жатыр. Украина тумасы 15 жылдан бері Қазақстанда тұрып келген, деп хабарлайды КТК.

Анжела 15 жыл бұрын қазақ азаматымен танысып, отау құрған соң Қазақстанда қалып қойған. Ол кезде азаматтық алуды ойламаған. Кейін азаматтық алуды жөн деп шешкенді бірқатар мәселеге тап болды. 

Ерлі-зайыптының 8 баласы бар. Үлкені 13 жаста, кенжесі 1 жарым айлық.

Енді заңсыз тұрып жатқан Анжелаға Украинаға жер аудару қаупі төніп тұр. Алайда отбасы Қазақстаннын көшірмеуді өтініп, көмек сұрауда. 

«Украинада анаммен араласпай кеткенмін. Ол жақта баратын жерім жоқ. Балаларымды, отбасымды тастай алмаймын. Осы уақытқа дейін жәрдемақы алған жоқпыз. Құжаттарымыз дұрыс емес. Маған Қазақстан азаматтығын беруін сұраймын», — дейді әйел. 

Күйеуі Айдар Баткалов та осы мәселеде қол ұшын беруді сұрайды.

Отбасы Алматының сыртында аядай ғана үйде тұрып жатыр. Қалалық ІІД көпбалалы отбасыға барынша көмек көрсететінін мәлімдеді. 

«Бұл азаматша дер кезінде, осыған дейін көші-қон полициясына, ІІД-не азаматтық алуға өтініш жазып, жағдайын айтпаған», — деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

stan.kz

[:]