[:kz]
Қазгидромет алдағы ауа-райына болжам жасады. Мереке қарсаңында елімізде жауын-шашын мен қар жауып, найзағай мен күшті дауыл тұрады деп күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елорда мен Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды.Нұр-Сұлтанда 30 сәуір күні жаңбыр, қар, найзағай, бұршақ, көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температура түстен кейін 0-2 дейін төмендейді.
Солтүстікте жаңбыр жауып, қар түседі, кей жерлерде күн күркірейді, көктайғақ, боран соғады, дауыл мен бұршақ жауады. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде 8 градус жылы болады.Елдің батысында және солтүстігінде температура түнде минус 2 градусқа дейін төмендейді, термометр көрсеткіші 7-ден 15 градусқа дейін нөлден жоғары болады.
Қалған облыстарда жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде. Температура 15-25 градус жылы болады.1 мамыр күні батыс аймақтарда жауын-шашын күтілмейді, күндіз 10, кейбір жерлерде 20 градус нөлден жоғары болады.
Еліміздің солтүстігі мен шығысында мереке күні жаңбыр жауып, кей жерлерге қар түсіп, тұман мен көктайғақ болады. Түнде сынап бағанасы 7 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 3-11 градус жылы болады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын шашын мен жел соғуы мүмкін. Түнде ауа температурасы 2-10 градус, күндіз 12 — 20 градус жылы болады.
2 мамыр күні еліміздің батыс бөлігінде жауын-шашын болмайды, шығыста жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, жауынмен қатар жел соғады.
[:]