[:kz]
Министрліктің мәліметінше, еліміздегі негізгі байланыс операторларының телекоммуникация жабдықтарының жұмысынан ақау шыққан.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 8 қаңтар күні елімізде телекоммуникация байланысы не себепті нашарлағанын түсіндірді.
8 қаңтар күні қазақстандықтар интернет-ресурстардың біршама уақыт бойы ашылмағанын, банкоматтар мен ұялы байланыс қызметінің нашарлағанын байқап, шағымданған еді.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сол уақытта жетекші байланыс операторларының телекоммуникация жабдықтарында ақау байқалғанын хабарлады.
Бұл жағдай резервтегі жабдыққа көшуге себеп болды. Бұл аралықта резервке ауысу кезінде және қайта көшу кезінде байланыс қызметін алуда аздаған проблемалар болды, олар шұғыл реттелді, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
baribar.kz
[:]