АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]8 наурызды «бұзылған мейрам» дейтін «періштелерге» кеңес[:]

[:kz]

Әйелдер мерекесінің негізін қалауға жеңілжүрістілердің саяси белсенділігі түрткі болғанын «беткебасқыштар» көбейді. Артын қаза берсек, қасиетті ештеңе таппай қаламыз. Аталмыш датаны «бұзылған мейрам» дейтін «періштелерге» кеңес:

1.Қолыңыздағы “Айфон» мен “Айпадты” тезірек қоқысқа лақтырыңыз. Өйткені, “Apple-дің” басшысы Тимоти Дональд Кук басымен ғана емес, «артымен» де жұмыс істейтін адам. «Гейлерге» қатысы бар затпен «пәк қолыңызды» неге былғайсыз? Тфу, кәпір… Айтпақшы, Стив Джобс жас кезінде нашақор әрі “бабник” болған. Бойында арабтың қаны болса да намазхан емес.

2. Кристиан Диор, Джон Гальяно, Джорджио Армани сияқты танымал дизайнерлердің «махаббаты» да «көгеріп» кеткен екен. Әлемдегі сәндік супербрендтердің басым көпшілігін «гей-дизайнерлер» басқаратыны жасырын емес. Шанель мен Луи Виттон сияқты «мүйізі қарағайдай» тұлғалар негізін қалаған брендтер «көк көйлектілердің» жетекшілігінде. Жастарды қойшы, үстіңіздегі киім үлгісіне де ”жезөкше-дизайнерлердің” қатысы болуы мүмкін. Неге бәрін шешіп тастап, қазақи шапанмен жүрмейсіз?

3.Балаңызды музыкалық мектепке бермеңіз. Ол жерде Чайковскийдің музыкасын ойнатады. Петр Ильичтің “бұзылған адам” болғанын білетін шығарсыз? Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) туралы поэма есіңізде болар? Ескендірді ұлы образда жадымызда қалдырайық. Оның «артқұмарлығын» білсеңіз, ол туралы кітапты отқа жаға бастайсыз ба? “Көгілдір сезімді” танымалдардың тізімін жасасақ, көп нәрседен көңіл қалады. Ендеше, “жаман иісі” бар жерді шұқылай берудің қандай қажеті бар?

ҚЫСҚАСЫ мынау:

“Дизайнер-қызтеке” ойлап тапқан киімді киіп, “лесбиянкалар” шығарған өнімді тұтынып, “көк-еркек” басқаратын банктің кәртішкісін пайдаланып, шошқа еті (байқамай) қосылған «xалал» тамақты жеп, соғыста атаңды атып өлтірген немістің «Мерседесіне» раxаттана мініп, қазақты қойша қырған xалықтың ұрпағымен “дос-тамыр” болып жүргеніңізді ұмытпаңыз. Укол салар алдында жамбасыңызға «xалал сүт» емес, «xарам спирт» жағатыныңыз да естен шықпасын.

Р.S. Әйелдерді 8 наурызда (бір күн) ғана емес, жыл он екі ай бойы құрметтеп, күн сайын сыйлық жасау керек дейтін “данышпандарға” айтарым: «Астана Күнін” 6 шілдеде ғана емес, күн сайын неге тойламайсыздар?

 

Серік Абас-шахтың Instagram-дағы парақшасынан алынды

Ұсынған: Гүлім Жақан

«Қамшы» сілтейді

[:]